Текст
Софиевка ауылы № 21 орта мектебінің «Жалын» тимур командасы жалғыз басты қарт адамдарға қолдарынан келгенше көмектесіп тұрады. Осындай шара 2020 жылдың 3 ақпан күні өткізілді. Ауылымыздың зейнеткерлері Байжұман Жанғали атамыз бен Асанова Макижан апаның отбасыларына барып, ауласын бораннан кейінгі қалың қардан тазалады. Қарт кісілер оқушыларға ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.