«Софиевка а. ЖОББМ» КММ
2023-2024 оқу жылының алғашқы қоңырау есебі
2023 жылғы 1 қыркүйекте Софиевка ауылы мектебінде Білім күніне орай алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты мерекелік жиын мектеп спортзалында өткізілді, спортзал сыйымдылығына қарай жиынға 1,4,9,11-сынып оқушылары қатысты.
Атаулы мерекеде мектеп директоры, ауыл әкімі сөз алып оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды құттықтады. Жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
«Балалар жылы» аясында «Мектепке жол» акциясы бойынша мектеп оқушыларына қаржылай көмектескен жеке кәсіпкерлерге мектеп әкімшілігі алғыс білдірді.
Жиында 1-сынып оқушыларына «Әліппе», «Букварь» оқулықтары табысталды. Әсем әндер шырқалып, бишілер би билеп салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.