2023ж. 13 қыркүйекте Софиевка мектебінде
Мектеп директоры Жүрқадам Ж.Қ., инспектор Тусупбеков Т.Б., инспектор Ермек С. ДТІЖО Дінислам М., ДТІЖО Жаппасова А.Т. қатысуымен 7-11 сынып аралығындағы оқушыларға жиналыс-дәріс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп оқушыларына мектептің ішкі заңнамалары түсіндірілді. Оқушылардың мектеп ережелеріне бағынуы, сырт келбеттің оқушыға сай болуы, темекі, электрондық темекі шегуден, маскүнемдіктен аулақ болу туралы сөз қозғады.
Бөлімшелік майор инспектор Тусупбеков Т.Б. және кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспектор Ермек С. мектеп оқушысы тәртіпке бағынбаған жағдайда қандай шаралар қолданылатынын ескертті. ҚР заңнамасына сәйкес әр заңбұзушылықтың өз жазасы бар екенін айтты.
Аудандық бөлімшелік инспекторлар мектеп оқушысының сабақтан тыс кешкі уақытта заңды өкілінсіз далада жүруге болмайтынын, мотокөліктерді пайдалануға болмайтынын қатаң ескертті.
Электрондық темекі, спирттік ішімдіктер т.б. тыйым салынған заттарды пайдаланған оқушының ата-анасына ҚР Әкімшілік кодексінің 441-бабына сәйкес 15 АЕК (51 750 тг) көлемінде айыппұл салынатыны түсіндірілді.