«Софиевка ЖОББМ» КММ-де 27.10.2023ж. «Алтын күз» сайысы өтті. Сайысқа 8-11 сынып оқушылары қатысты. Осы жылғы «Алтын күз» мерекесі әлем халықтарының мәдениетіне арналды. Әр сынып өзіне берілген ұлттың ұлттық киімін, салт-дәстүрін, мәдениетін, ән-биін көрерменге жеткізуі – басты шарт болды. 4 кезеңнен тұрған өнер сайысында әр сынып өзінің өнерін, тапқырлығын, білімін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 11 «А» сынып жеңіске жетіп, Аяғанов Бахтияр мен Рауил Жансая «Ханзада мен Ханшайым» атанды. 8 «Ә» сыныбы (Мұхтар Шынболат, Сакенова Аружан) жүлделі І-орынды иеленсе, 10 «А» сыныбы (Жолшыбаев Рамазан, Серікқалиева Ажар) ІІ-орын иегерлері атанды. 8 «Б» (Талғат Аңсат, Гельмыгалиева Эльнара) және 9 «А» (Ниязов Құдайберген, Тұрсын Жанайым) сыныптары ІІІ-орынға ие болды. Талғат Аңсат пен Гельмыгалиева Эльнара «Ең талантты жұп» номинациясын жеңіп алды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.