Текст
Софиевка ауылының ЖОББ мектебі өзін-өзі басқару ұйымының ұйым мүшелері 6 сынып оқушыларымен
“Нашақорлық 21-ғасыр дерті” дөңгелек үстелін өткізді. Мақсаты, Нашақорлық-ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Іс-шарада нашақорлық туралы түсінік беріліп, сұрақ-жауап, “Адасқан сөздер” ойыны және шағын көрініс қойылды.