Текст
Софиевка ауылының ЖОББ мектебі өзін-өзі басқару ұйымының ұйым мүшелері 5 сынып оқушыларына “Асық ату” ойынын өткізді. Мақсаты: ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа намысқойлыққа, әділдікке баулу. Ойын 5 кезеңнен тұрды.
1) Таныстыру;
2) Асық ату;
3) Бес асық;
4) Бүк-шік;
5) Үш табан.
Осы аталған кезеңдерді өтуге “Алаш” және “Қыран” топтары қатысып, жеңімпаз топ анықталды. Жеңімпаз топтар марапатталды.