Текст
Болашақ – жастардың қолында!
19-ақпан күні мектебімізге Целиноград ауданынан жастар ресурстық орталығының мамандары келіп, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі таңда жастар арасында белең алып отырған өзекті проблемалар қозғалды. Мәселен діни экстреизм, терроризм туралы кеңінен түсіндіріліп, арнайы дайындалған
презентациялар көрсетілді. Сондай – ақ, жастар ресурстық орталығының басшысы Мусина Самал Өмірзаққызы оқушыларымызбен тренинг жүргізді. Кездесу соңында Самал Өмірзаққызы мектебіміздің оқушыларына сенім артып, ризашылығын білдірді.