"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25.12.2017

№21  орта мектеп

  Тәрбие  сағаты  

Өткізген:  Қоңырова Л.С.

Сабақтың тақырыбы:  «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

    Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту,  жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру,  ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылыр  6  топқа бөлінеді 

1.Презентация  арқылы  Елбасының «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»  бағдарламасы бойынша таныстырылым Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын

жаңғырып отыруы тиіс. 

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт - дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. 

1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 

2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. 

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 

4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы .Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. 

6. Сананың ашықтығы ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР

•        

Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру

•        

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы

•        

«Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы

•        

Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы

2. Оқушылар  «постер»  қорғайды  (6 бағыт  бойынша)

Қоғамның санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты 

1.     Бәсекелік қабілет

2.     Прагматизм

3.    Ұлттық бірегейлікті сақтау

4.    Білімнің салтанат құруы

5.    Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

6.    Сананың ашықтығы

3.  Интернет  ресурсы .  «Рухани  жаңғыру»  аясында өткізілген  «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының     тізімі

«100  жаңа есім»  жобасы  бойынша  өткізілген  еліміздің  экономика,  ғылым,  бизнес,  спорт  т.б. саласындағы үздік жеңімпаздардың  тізімімен  таныстырылып, ой  бөлісті.

4. Видео арқылы  «Медицина»  саласында  жаңа жобасын жасаған  жас  ғалым   Маулен Бектұрғанов  жайлы үзінді көрсетілді

5. Сыныбымыздағы  биылғы  оқу  жылында  жаңа  жетістіктерге  қол жеткізген оқушыларымызға  тағы да бір  алғыс 

білдіріліп,  айтылды.

Рухани жаңғыру-бұл  ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

6.Мектебімізде  «рухани жаңғыру»  аясында  әр  сынып халық  әндерін  үйрену  және  әдеби шығармаларды оқып

танысу міндеттелген  болатын. Осыған орайсынып оқушылары «Қараторғай»  әнін  шырқау

7. Сабақты  қорытындылау  мақсатында:

Стикермен Рухани жаңғыру эмблемасын «Қыранды салу» Әр оқушы «Рухани жаңғырудағы» негізгі

бағыттар мен ойларын  жазып ілу.

 

 

 

 

 

Просмотров: 399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст