Текст
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Софиевка №21 орта мектебінде 6 «б» сыныбы оқушылары мен сынып жетекшісі Амангельдинова Зәуреш Балташевнаның басқаруымен «тағамдар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Оқушылар жәрмеңкеге белсене қатысып, Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың ұлттық тағамдарынан дәм таттырды. Жәрмеңкенің мектеп оқушыларының рухани сусындауына да айтарлықтай әсері болды.