Желтоқсанның 15-інде Софиевка № 21 орта мектебінің 8 «А» сыныбында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық қазынам – ұлы мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде қозғалған өзекті мәселелер:
1.Ұлттық мәдениетіміздің өрлеу дәуірі –орта ғасыр тарихи
жәдігерлері
2.Салтым менің санамды жаңғыртқан –қасиетті мұра
3.Туған тілдің байлығын сақтап, терең де нәрлі тамырынан
сусындайық
Бірінші бөлім бойынша орта ғасырдан қалған тарихи жәдігерлердің сапасы мен құндылығына баға бере отырып, ХІІ ғасырда Әмір Темірдің салдырған Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күні бүгінге дейін
Бояуы да өшпей, кірпіші де сынбай сақталып келгендігінің өзі сол дәуірлердің өзінде қазақ мәдениетінің қаншалықты жоғары дәрежеде дамығанын айғақтайды. Ал бүгінгі дамыған заманда салынып жатқан құрылыстардың өзі пайдалануға берілгеннен кейін 5-10 жылдан кейін-ақ жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұратындығын байқаймыз.Сондағы түйетін ой архитектура өнерін,оны сапалы салудың жолын өз мәдениетімізден іздегеніміз абзал
деген сөз болды.
Екінші бөлім бойынша ұлттық киімімізден бастап, өмір сүру салтымыз, әдет-ғұрыптарымыздың барлығы адами құндылықтарды сақтауға, ұрпақты имандылықпен тәрбиелеуге, отбасы құндылықтарын сақтауға, сол арқылы туысқандық қатынастарды сақтауға, одан әрі елдік мүдделерді қорғауға бағытталып жатқанын байқаймыз деген тұжырымға келді.
Үшінші бөлім бойынша туған тіліміздің байлығын сақтап қана қоймай,ұмыт болып бара жатқан кейбір мағынасы терең сөздердің қайтадан қолданысқа енуі үшін біз қандай әрекет жасай аламыз деген сұрақтың төңірегінде өрбіді.