15.12.2017
Желтоқсан айының он екінші жұлдызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай оқушыларды «Жас Ұлан Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау салтанатты жиыны өтті. Ұйымға барлығы 85 оқушы қабылданды. Олардың 49-ы «Жас Қыранға», 36-сы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданып, әр жасұландық ұйымның ережесін қатаң ұстанып, өз міндеттерін абыроймен атқаратындығы туралы ант қабылдады. Оқушыларға Галстук пен төсбелгіні тағуға Мектеп әкімшілігі шақырылды. Жиын соңында мектеп директоры Жүрқадам Жексен Қадырұлы сөз сөйлеп, ұйымның жаңа мүшелерін құттықтап, оларға жарқын болашақ тіледі. Жиынның басты мақсаты – оқушыларға патриоттық тәлім-тәрбие бер
Тәрбие ісінің орынбасары: Тұрап Ш.