Текст
Мектебімізде 4 – 13 желтоқсан күндері аралығында өтілетін жаратылыстану – математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне арналған салтанатты жиын болды. Жиын барысында бірлестік жетекшісі Ержан Е.С. жоспарға сәйкес
ұйымдастырылатын іс-шараларда интеллектуалды сайыстар, кештер, қабырға газет сайысы, олимпиада, сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар болатынын айтып өтті. Кейін оқушылар дайындаған шағын таныстырылмдармен аяқтады. Жиын соңында оқу ісінің меңгерушісі Аубакирова Т.Р. сөз алып, барлық оқушыларды апталыққа белсенді қатысуға шақырды.