"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.11.2017

Целиноград ауданы бойынша халқымыздың қос жұлдызының бірі, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлы тұлғаның жеңіс жолындағы ерен еңбегі» байқауы екі кезеңмен өткізілді. Осы байқауғ мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Ержанова Самал Асанқызы бастаған бір топ оқушылар да белсене қатысып жүлделі орынға ие болды. Атап айтатын болсақ, алғашқысы 10 – қарашада Қараөткел ауылында аймақаралық байқау болды. Онда оқушыларымыз1 – орын иеленсе, 2- кезеңі 18 – қарашада аудан орталығы Ақмолда ұйымдастырылды. Софиевка оқушылары онда да жүлделі 3 – орынға ие болды. Жекелей оқушыларымыз сахна шеберлігі, тест нәтижелері бойынша 1- орындар иеленіп, мадақтамалармен марапатталды. Олар - 10 «А» сынып оқушылары Жексен Мөлдір, Амангелдинова Томирис. Бұл рухани жаңғыру аясындағы батырларымыздың үлгі – өнегесін бүгінгі ұрпаққа дәріптеу болып табылады. 

Просмотров: 447


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст