№21 орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы өз жұмысын атқаруда
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Софиевка ауылының №21 орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп
клубы құрылып, «адал ұрпақ» клубының жылдық жоспары да бекітілді, жоспарға сәйкес жетекшісі ретінде тарих пәнінің мұғалімі, сондай – ақ, мектеп тәлімгері Уфет Құралай сайланып, жоспарлы түрде жұмыс жүргізуде. Атап айтатын болсақ, қазан айының 2 –ші жұлдызында 9-10 сынып оқушылары арасында «Заң мен заман талабы» тақырыбында пікірталас өтті. Оқушылар заман талабына сәйкес заңның да өзгеріп отыратытынын айтып, өз ойларын ортаға салды. Осы пікірталас барысында 10 сұрақтан тұратын сауалнама құрастырылып, мектептің барлық оқушыларна жолданды. Жалпы, 5-11 сыныптар арасынан 20 оқушы «Адал ұрпақ» мүшелікке өтті. Жоспарға сәйкес Адал ұрпақ ерікті мектеп клубының топ мүшелері 1-11 сыныптар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау
жұмыстарын жүргізіп, белсенділік танытты. Мектеп бойынша оқу жылы көлемінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы өз жалғасын тауып, оқушылар арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілмек. Жалпы бұл клубтың ашылуының маңызы зор. Себебі, оқушылар арасында қызығушылық тудырып отырған клубтың өз жемісін береріне сеніміз мол.
Аға тәлімгер: Уфет Х.