Отан
Екі Отан жоқ,
Жалғыз Отан-мекенің
М.Мақатаев
Отан дегеніміз - біздің атамекеніміз,тұрып жатқан, туып-өскен жеріміз. “Отансыз адам, ормансыз бұлбұл” дегендей әр адамның Отаны болады. Ал біздің отанымыз-Қазақстан. Сонау атам заманнан бері қорғап, қолдап келе жатқан еліміз. Қазақ хандығы деп аталғаннан бастап халқымыздың басынан нелер жағдай өтті. Алайда елім деген есіл ерлеріміз бен олардан қалыспайтын аруларымыздың арқасында сансыз жауға тойтарыс бердік.
Кейіннен Ресей құрамына кіріп, дініміз бен тілімізді ұмыта бастаған уақытта, патша қаһарынан қорықпай “Оян,қазақ!” деп ұран салған Алаш зиялылары мен патша өкіметінің кәріндей қақаған аязға қарамай бостандық үшін алға қарай нық қадам басқан ержүрек ағаларымыз бен аяулы апаларымыздың ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Себебі,олар елі үшін,туып- өскен жері үшін тәуекелге бел байлап,өздерін құрбан қылды. Болашақ ұрпақ азат болсын деп,бізге тәуелсіздікті аманат етті.
Қазіргі уақытта болашақта Отанымыз гүлдене түсуі үшін,біз білім алып,алға қарай талпынып жүрміз.Біздің отанымыздың өзіндік мемлекеттік рәміздері бар.Отанын сүйетін әрбір ұлан осы рәміздердің нені білдіретінін біліп қана қоймай түсініп,басқаларға дәріптеу қажет деп түсінемін.
Сонымен қатар, еліміздің өркениеті дамып,көптеген сәулетті ғимараттар салынып,жаңа белестерге жетуге көп үлес қосқан адамдардың бірі-елбасымыз. Біздің елбасымыз,тұңғыш президентіміз,халқымыздың қамқоршысы - Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Елбасымыз елін сүйеді,оған қамқор. Себебі,мен үшін бұл орынға тек осындай патриоттық сезімі жоғары,әр жағдайда дұрыс шешім таба алатын,дипломатиялық келіссөзге шебер,жүрегі Отан деп соғатын адам лайық. Өйткені,бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді.Күнделікті өмірдегідей мәселені кейінге шегере алмайсың.Себебі,халық патшасынан әділ шешім күтеді.
XXI ғасыр ғылыми - технологиялық заман
болғандықтан,еліміз басқа мемлекеттерден қалыспай заманға қарай төселіп
жатыр.Қазақстан жас мемлекеттер қатарына жатса да,қазіргі уақытта көптеген
жетістіктерге қол жеткізуде.Сол жетістіктердің бірі - жақында ғана өткен
EXPO-2017 көрмесі. Бұл көрменің негізгі тақырыбы -болашақ энергиясы.EXPO-2017
көрмесінде тек энергия жайлы ақпарат жиып қана емес,әрі басқа ұлт өкілдерінің
салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен танысуға мүмкіншілік болды.
Еліміздің сұлу табиғаты туралы айтпай кетпесек болмайды.“Дүниеде туған елдей ел болмас,туған жердей жер болмас” демекші әркімге өз елі ыстық болып тұрады.Сондықтан болар Қазақстан табиғаты қандай жыл мезгілі болсын әрқашан сұлу болып көрінеді.Көктем-жаз айларында мөлдіреген бұлағы,көк майса шөбі,уылжып піскен жидегі адам көңіліне ерекше әсер қалдырады.Ал қыс мезгілінде айнала аппақ қарға оранып,тыныштық орнайды.Сондай- ақ аспанмен бой таластырған заңғар таулар мен жасыл ну ормандары,мөлдір тұнық көлдері адамды шабыттандыра түседі.
Егер Отанымызды,туған жерімізді одан әрі мақтай берсек сөзбен айтып жеткізе алмас едік.Алайда біз өз елімізді қаншалықты сүйетінімізді сөзбен емес іспен дәлелдеуіміз қажет.Яғни,ана тілімізді жетік меңгеріп,туған тілімізді аяласақ,ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, Отанымыз гүлдене берері сөзсіз.