Менің ЭКСПО-дан алған әсерім.
Ұясынан ұшқан жас балапан сияқты, енді қанат жайып келе жатқан, жас мемлекет үшін ЭКСПО-ның бізде өтуі - үлкен мәртебе. ЭКСПО - жаңа жаңалықтардың айқындалуымен ерекшеленеді .Сәнімен салтанат құрған бұл кешен біздің Астанамызда жайқалып тұр. Ең қатты ұнағаны - ұлттық павильон. Әр қабаты айрықша энергия көзін көрсетеді.Мысалға, сегізінші қабаты әйнектерден тұрады, жетінші қабаты ғаламат ғарыш әлемі. Алтыншы қабаты күн жүйесі. Барлығы есте қаларлықтай керемет ұйымдастырылған.Бұл айрықша кезеңді , еліміздің өнертапқыштары құр жібермепті. Жалпы мақсаттары ұлтымыздың тарихы жаңғырып тұрғандығын, болашағының нұрланатынын түсіндіру. Сегіз қабаттан тұратын кешенде ғылым сәуле шашып тұр. Көптеген жаңалықтармен таныстым. Жасыл энергияның ел үшін қандай маңызды екенін біліп қайттық.Табиғат байлығының бір күні сарқылатыны анық қой.Сол байлықты үнемдеуді ғылымның көптеген жаңалықтары арқылы ұққандай болдым. Әр мемлекет өздерінің жаңалықтарын ұсынған. Қазіргі ғылымның дамығаны соншалықты, адам өз қолымен , алып табиғатқа энергия бере алады. Мемлекет тарапынан үздіктер мен белсенділер болып бізде тамашаладық. Жалпы алған әсерім ерекше. Ғаламат ғимараттарды көргенде , мен керемет сезімде болдым.Ең қатты ұнаған павильондар:Түркия, Түркіменстан, Корея, Ресей,Индия. Индия өзінің саудасымен ерекшеленеді. Бұл кешен 3 айға созылатындықтан, адам әлі де көп. Шет ел азаматтары үшін қазақ ұлты қызық болды.Бізді өзге ұлттардың салт-дәстүрі қызықтырды. 100 мемлекет қатысқан бұл халықаралық кешен- өте ғажап. Келген адамдардың көңілінен шыққанына сенімдімін. Ғылым сүйетін адамдар үшін таптырмайтын - білім ортасы. Болашақ энергиясы – адамдар қолында екенін түсіндік. ЭКСПО – ғылымның көзі, халықтың білімі, елдің мәртебесі! Қазақ елі мәңгі жасасын!
Целиноград ауданы Софиевка орта мектебінің
11- сынып оқушысы Абулсағит Аяулым