II Республикалық «Дінтану» пән олимпиадасы
Жуырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 03-04 мамыр аралығында Гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Дінтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы II Республикалық «Дінтану» пән олимпиадасы» өтті.
Олимпиада мақсаты — Дінтану және теология мамандықтарына бейімді талапкерлерді анықтау, олардың мамандыққа қызығушылығын арттыру, дін саласына ғылыми ізденушілігіне қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, оқушылардың «Зайырлық және Дінтану негіздері» пәнінің оқу бағдарламасын меңгеруі деңгейлерін анықтау және қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Сайыс қорытындысында І орынды Ақмола облысы, №21 Софиевка орта мектебі 11 «А» сынып оқушысы Бурбаева Айсара Болатқызы жеңімпаз болды. Айсараға І дәрежелі ДИПЛОМ және Ахмет Ясауи университеті квотасының иегері сертификаты табысталды. Атап айтсақ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің президенті, профессор У.С.Абдибеков жетекшілік еткен мұғалімі Ержанова Самал Асанқызын Алғыс хатпен марапаттады.