Текст
18.03.2024ж. “Софиевка ЖОББМ” КММ-де “Тарих – өткен күннің куәсі, бүгінгінің үлгісі мен өнегесі, болашағымыздың асыл қазынасы» тақырыбында Целиноград ауданы тарих пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.
Мақсаты: Тарих арқылы, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілігін және еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Семинарда мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері ашық сабақтар, шеберлік сағаттарын өткізді. Мектеп мұражайы мен көрмелер қонақтарға таныстырылды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп қонақтар жақсы тәжірибе мен көтеріңкі көңіл-күй алып қайтты.