Cофиевка
№21 орта мектеп ұжымының
Президент жолдауын талқылағаны туралы
хабарлама
Ел басымыздың жыл сайынғы дәсүрлі жолдауы биыл да 2017 жылдың қаңтардың 31 күні жолданды. Жолдау «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекеге қабілеттілік» деген тақырыпта болды. Жолдау туралы біздің Софиевка №21 орта мектептің барлық мұғалім қызметкерлері жиналып талқыға салды. Бұл туралы мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімдері Ержанова С.А. және Зейнулина М.Ж.-лар орыс, қазақ тілдерінде толығырақ түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын»- деп ел басымыз өзі айтқандай бұл жаңа дәуір жолдауында Президентіміз өткен 25 жылдағы істеген жұмыстарымыздың оң нәтижелі болғанын, бүгінгі әлем таныған халықаралық аренада жоғары беделге ие болып, бүгінгі ұстап отырған
саясатымыздың дұрыс екенін айтты. Бүгіндері болып жатқан «Универсиада-2017» спорттық ойын, «ЕКСПО-2017» халықаралық көрме сияқты іс-шаралар ТМД және Орталық Азияда сияқты нәтижелі ісіміздің нақты дәлелі емеспе. Алда Қазақ елі 2050- жылға қарай әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылып, алып державалармен иық тіресетін ел боламыз деді. Биылғы жаңа жылдың басында БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше болды. Бүгінгі мынау әлем қарқынды түрде өзгеріп жатқанда қол қусырып қарап отыруға ешбір негіз жоқ. Әлемде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Елбасымыздың жолдауында ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс деді. Біздің міндетіміз-білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау. Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту. Үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленетінін айтты 2019- жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқитын боламыз. Биылғы жылда елбасының бастамасымен жасалған «Баршаға арналған тегін кәсіптік- техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтылған жастар сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс.Бұл жолдауда денсаулық жүйесіне де өзгерістер қажет дегенді айтты. Бұнда 1-шілдеден бастап мемлекеттік жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу керек деді. Жолдаудың соңында Қазақстан- жас , көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Біз Тәуелсіз Қазақстанның 25- жылдық даму жолынан өттік, алдағы 25 жылда оданда биік белестер күтіп тұр. Қазақстан кейінгі ұрпақ үшін бұданда өсіп-өркендеген елге айналады,- деді. Сол жас буынды тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымы бізде соған тілектеспіз және қолдаймыз.
Мектеп төрағасы: Жүрқадам Ж.Қ.