2017 жылдың қаңтар айының 20 жұлдызында оқушылардың
мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық
құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қастерлеуге баулу мақсатында
КАТЕV Халықаралық коғамдық қорының бастамасымен, Ақмола облысы Целиноград аудандық білім бөлімі және Ақмол орта мектебінің ұйымдастыруымен жалпы білім
беретін мектеп оқушылары арасында аудандық «Жарқын болашақ» ІХ Республикалық Қазақ тілі олимпиадасы бірнеше
бағыт бойынша ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
№21 орта мектебінің оқушылары ерекше
белсенділіпен қатысып, жүлделі орындарға
ие болды. Атап айтар болсақ, «Сахна
саңлақтары» номинациясы бойынша
9-10-сынып оқушылары М.Әуезовтің
«Қарагөз» пьесасын сахналыө көрініс ретінде ойнап, басжүлдеге ие болып,
облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Төңкерқызы.
Мұхтар Әуезов. «Қарагөз» пьесасы.
Қатысушылар:
Қарагөз:
бойжеткен
Сырым-ақын
сал, 25-те
Ақбала-қарагөздің
жеңгесі
Жарылғап-
Қарагөздің әкесі
Мөржан
–Жарылғаптың шешесі, 70-те
Жабай-Сырымның
әкесі
Нарша-
Қарагөздің күйеуі
Асан-ақын
сал, Наршаның досы
Матай-
Наршаның жолдасы
Дулат,
Қоскелді, Даулеткелді- Сырымның достары
Текті
құдағи-Наршаның шешесі
Тойсары-
Басқұда, Наршаның ағайыны
Тойға келген
қыз-келіншектер, жігіттер
І көрініс
Қаракөз:(Сырымға
қарсы жүріп)Сырым...Жүрегім...
Сырым:(құшағын
жайып келе жатып) Қара түндей қасірет
ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақ
тотым...келші күнім!(Екеуі құшақтасады)
IІ көрініс.
Музыка ойнайды.
-Келіншектер
шығады Үлкен мата қояды.
Жігіттер:(Домбырамен
).
І
келіншек:Қыздың отауы қайсы?! Міне , мынау тұрған.
ІІ
келіншек:Апырмай-ай, десеңші, мынандай ақ отауда бір түнеген қызда арман жоқ шығар!
ІІІ
келіншек:бұл үйде Қаракөз түнемегенде кім түнейді?!
ІІ
келіншек:Иә, соны айтамын.
Ақбала: Менің
қайын сіңілім ғой.
Келіншектер:Аааа,
Ақбала:Жігіттің
атын білесіңдер ма?НАРША!
Келіншектер:ООО
Ақбала:Омбыда
оқыған дейді.
(Сүйінші
сұрап бір қыз келеді) Қыз:күйеу бала келді, күйеу бала келді!(Ән
ойнайды:Айналайын қарағым)Айқаракөз?!Әнін домбырамен жігіттер айтады.Нарша
келіп сәлем береді.Бәрі сәлем береді.(Қыздар ақ матамен орайды)(Жігіттер
домбырамен ән айтып тұрады, қыздр билейді.
Бір жігіт
жүгіріп келеді:Қаракөз жоқ!
Нарша:Жоғы
қалай?!
Жігіт:Білмеймін,
отауында да , еш жерде де жоқ! Наршаны
қыздар алып кетеді , матаға орап.
ІІІ көрініс.
(Сахнаға
Ақбала мен Қаракөз жүгіріп шығады)
Қаракөз:Қазір
түрін көресің, шыдай тұр, жеңеше!
Ақбала:Ойбайй,
не дейді мынауың, Наршаны менсінбейді деген сөз ауылға тарап кетсе , жұртқа не
бетімізді айтамыз ей?!
Қаракөз:Ол
керемет жігіт! Менің махаббатым, жеңеше!
Ақбала:Осы
ауылдың талай жігіті саған келгенде біреуін де менсінбей қойып едің ғой!Кім
сені дуалаған, кім сені мына жолдан
тайдырған?
Қаракөз:Айта
алаймын,иәәә, бұл істің басталғаны кеше емес, бізді қосқан желікпе құмарлық
емес, бізді қосқан тағдыр!жеңешем!
Ақбала:Ойбай!Масқара!
Әй, аты қалай? Атын айтсаңшы!
Қаракөз:Айта
алмаймын, айтуға болмайды!
Ақбола:Айтпасаң
айтпай-ақ қой!(ренжіп)
Қаракөз:ренжімеші
жеңеше, ренжіме!(сол кезде сырттан аттың дыбысы шығады)(Қолды аяққа тұрмай
жүгіреді) Ақбала! Жеңеше!
Ақбала:Қарагөз!
Қарагөз!
Қаракөз: Жүгіріп
келеді. Қазір осы жерде түсін көресің.
(Ән
айтылады, Сырым домбырамен шығады, Дариға-дәурен әні орындалады.)
ІҮ көрініс
Сырым: Жанған шамдай жарығым!
Маңдайдағы
жұлдызым!
Торға түскен
аққуым!
Арайлап
атқан –ақ таңым!
Айқаракөзім!
Өмірлік махаббатым менің! (музыка ойналады, құшақтасады)
Ақбала:Ойбай,
Қаракөз!Мынауың не масқара?!
Сырым:Ақбала,
тек жазғырма! Ол-Қаракаөз, мен-Сырым.Қаракөздің Сырымнан артық жары болушы ме
еді?!Сәулешімнің, менен өзге теңі кім? Мен
Қаракөзді Құдайдан сұрап жүріп, тілеп алғанмын.(Сырым Қаракөзді сағына
құшақтайды)Әгигай әні орындалады.
Қаракөз:Жеңеше!
Сүйгенім-сырым болмаса, мен жалғызбын дер ме едім!Сенен көмек сұрар ма едім?!
Ақбала:Ойбай,айтпа
оны, ойбай-ау біреу-міреу көріп қойса қайтеміз!Әй!Атам қазақ жеті атаға толмай
қыз беріп, қыз алмаған.Мыналарың жақсылыққа апармайды..апармайдыыы...
Сырым:(Қаракөзді арқасынан ұстап, жүріп келіп)Жөн
айтасың, Ақбала! Менің осы ісімді қолдайтын мына, достарым ғана,басқа ақтап алар адам бар ма?!
Сырым:Мен
Қаракөзді сүйгенде , басқа туыстармен жат болам деген емеспін, бәріңе
ортақпын!!(сахнадан Сырым мен Қаракөз жүгіріп шығып кетеді, Ақбала бетін басып
қалады, ән ойнатылады.)
Ү көрініс.
Қыздар , жігіттер сахнада.Мөржан бәйбіше шығады.Қыздар
сәлем береді.Екі құда- құдағи амандасады.Сахнаға Нарша шығады, Мөржанға сәлем
беріп, қолынан сүйеді.
Нарша:Қалыңыз
қалай әже?
Мөржан:Айналайын,
айнааалайын, Нарша, енді Қаракөзде, сенде
бірсің.Ұзағынан сүйіндірсін. (Мөржан Наршаның маңдайынан сүйеді)
Текті,
Наршаның анасы:Айтқаның келсін, бәйбіше!
Үбірлі, шүбірлі болсын!
Жабай :Иә,
бұдан асқан қандай тілек болсын, бәріміздің тілеріміз осы. Аумин!
Наршаның
атасы: баяғыда атастырғанда екеуі де кіп-кішкентай еді. Аллаға рахмет! Енді
міне тойын жасаймыз, жолдары ашылсын!
Мөржан:Қаракөзім,мойнымда
сақтаған ,асылым.Жасында шешесі өліп жетім қалғанда, төсіме салғам.Көңілімде,
көзімде толып тұр саған , шырағым!Қаракөзім ауылыңның анасы болады.
Нарша:Рахмет
әже!Сіз тек Қаракөз екеуміздің ғана емес, күллі елдің анасысыз.Сіздей бәйтерегі
бар бізде бақыттымыз, әже!
Мөржан:АЙналайын
, рахмеет, шырағым!
ҮІ көрініс.
Сахнада
Сырым мен Қаракөз, зарлы музыка.
Сырым:Қаракөз,
Айқаракөзім! Бәрі де бітті. Бәрі де итшілеп өмір сүреміз...
Болмаса,
ботасын жоғалтып, боздаған түйедей өтерміз, бұл өмірде....
Қайда барам,
не істейін!!
Тек аллаға
ғана аян!!! Қарагөз!!! (қатты қиналып , ренішті дауыспен айтады)
Қарагөз:
(қайғырып, жылап тұрып)
Сен
жалындаған жалынды сөздің иесісің. Еңсеңді түсірме! Есіңді жи! Беліңді бу!
Сырым: Рас
па! Мен не істейін!!
Қарагөз:
Асыл, Сырым! Абайла! Айналаң аямайды. Сен қалма! Мені шығарып сал!!! Тек сен
аман бол! Асылым!! (жылайды)
Сырым:
Жүрегімнің қайғысы, қарағым!! (Жылайды)
Қарагөз:
Аянба! Өкініп өткенше! (кетеді)
ҮІІ көрініс
Сахнда
Нарша. Достарымен шығады.
Достары:
Құсың құтты болсын! Тағы бір қыз: Нурсыйла: Құсың құтты болсын!
Нарша: Иә,
Асан, тұнығы бұзылмас сайдың суының аққу құсы секілді көңілге жақса қондың,
жақпаса ұштың кеттің.
Асан: Сөзіңде
бір кейіс бар ғой.
Нарша: менің
арманым бар. Менің дертім Қарагөз!
Асан:
Қарагөз сұлу
Нарша:
Қарагөздің ақылы мен көркі керемет!
Асан: енді
не жетпейді?
Нарша:
Қарагөз сол, ақылымен көркімен маған тұсау салып тұрған жоқ па?!..
Асан,
жаңылмасам, жаным деген жақыны бар. (нарша кетеді, ренжулі)
ҮІІІ көрініс
Сахнада музыка ойналады. Қыз-келіншектер мен жігіттер
шығады.
Мөржан:
(сахнаға шығады). Құдағи да шығады. Ақбала да шығады.
Мөржан:
Қарагөз қайда? Ол неге үйінде отырмайды. Ақбала, күйеулерді төбеңнен тік тұрып
күт.
Ақбала: Құп
болады.
Мөржан:
(ашулы) Мен бір суық сөз естідім. Не білесің, білгеніңді айт.
Ақбала: Әже,
несіне жасырайын, баршаға мәлім.
Мөржан:
Шынымен –ақ, менің балам жаманатты ма?
Туған
шешесін жоқтатпай келсем де, бар қадір-қасиетімді басқа тепкені ме? Сонда бұның
ойын бұзып жүргені кім? Әзәзілді білемін. (Ақбала кетеді)
Қарагөз
келеді. Мөржан ойланып...
Мөржан:
Қарағым неге жүдеусің?
Мынау
отауыңа оң аяғыңмен аттап кір. Ақ күмбезің осы болады. Ақ тілеу тілеп кір. Кіре
ғой, кіре ғой.
Қарагөз:
(кейіп) әже кірерміз де шығармыз. Соған қарап бағы ашылар болса, .... (ойланып тұрады)
Әжесі
білезік тағып, қолынан сүйіп
Мөржан:
Бата береді. Сақ бол! Өлшеуіңнен аума!
Өркөкірек қылып өсірген өзім едім.
Қарагөз:
әже, мені бір шаруаға мені бір шаруаға шақырдыңыз ба?
Мөржан: Иә,иә
қарағым.
Қарагөз: Өзі
мен байғұстың, Қарагөздің қиналғанын сұрап білген адам бола ма? (көтеріңкі
дауыспен)
Мөржан: Тәйт (ақырады) Сенің
өкшеңе кірген шөгір менің
маңдайыма кірсін деп жүрмін.сенің болашағыңды ойлағамын. Мені қазір түсінбесең
де, кейін түсінесің.
(қыздардың
дауысы) Әже, әже!
Тойшы, қауым
келді. Музыка. Той туралы. Сахнаға бәрі
шығады.
Сырым
сахнаға шығады. Ән айтып.
Мөржан:
Тоқтат! (айғайлап)
Баламның
тілек тілейтін тойын ойыншық етіп тұр ма? Мынау не көкіп тұр.
(қайта, көше
бойлап әні орындалады 39:40)
Қарагөз
шығады. (Сырым мен Қарагөз ән айтады.)
Мөржан:
(жынданып түрі бұзылып) Тоқтат, тоқтат! Бұл не зар? Бұл не мұң?! Бұл Сырым сияқты, жынның сөзі.
Әй, Сырым бергел, кел алдыма! Осы сенің қандай шер шеменің бар? Айт сен кімсің?
Сырым: Мен
Қарауылдың жігіті, Қарагөз Қарауылдың қызы, айдай сұлу аруы, аяулы ай Қарагөз!
Мөржан:
Осы-ақ па айтарың? Арғы атаң өсердің атын ұмытып қалдың ба?
Сырым: Уа,
әжеке ұмытпадым. Қаргөз сияқты аруларын сатудан жиған малы бар, соны айтайын.
Мөржан: Әй
малды ауыл, жаман ауыл болып па? Сен өзің қайдан шықтың?
Сырым: Алты
атада қыз алысып, қыз беріспеуші ме еді?
Мөржан:
Астафыралла! Енді қайтіп мұндай сөзді естімеуші болайық!
ІХ көрініс
Сахнаға Нарша досы
Асанмен шығады.
Нарша: менің
жүрегімді найзалағанды қашан қояды. Қарагөз
бір қайғы болса, Сырым екі қайғы... Жүрегім-ау! Қарагөздің жауабын білші, Асан!
Асан : Мен
білейін. (кетеді) Асан барып, Қарагөздің
жеңгесі Ақбаланы ертіп келіп сұрайды.
Асан: Құдаша
айтшы, оу, құдаша! Қарагөз жайлы сұрайын деп едім.
Оның басқа
сүйген жары бар ма?
Ақбала: мен
ештеме білмеймін. (Ақбала жауап бермей қашып кетеді)
Х көрініс
Музыка ойналады. Сахнада Сырым мен Қарагөз шығады. Сырым
мен Қарагөз кезігеді. Қарагөз жылайды.
Сырым:
Қарагөз, сені қайтіп көрмеймін, енді мен қанғып кетейін, шешіміңді бер!
Қарагөз: Мен
саған ерем, өмірге тойымсыз еттің, ермеске амалым жоқ! Тек алла бетімізден
жарылқасын! (екеуі де қолын жайып) Алла бетімізден жарылқасын!
Осы кезде сахнада шу пайда болады. Сырттан біреу «Әже,
әже міне аналар» дейді.
Сахнаға Мөржан әже
де шығады.
Мөржан:
Байла, екеуін де ұста! 1:11
Сахнаға
Нарша шығады.
Нарша: Сырым , бұл сенікі серілік емес. Қарагөз
мойныма салған сұр жылан болдың ба?
Мөржан:Ұста
,табанын тіл күң қыл! Бетің тіліңгір!
Қарагөз:Әже,
әже.
Қарагөз:
(қатты жылап) Сырым кетші, мен ғана құрбан болайын!(Қатты жылайды)
-Жо-ооқ!
(қатты жылайды)
Сырымды
соққыға жығады, алып кетеді. Айғай шу.
Қарагөз:
Сырымды иттер өлтірді.
Сырым:
Қарагөз ! Қарагөз . деп айғай салады.
Қарагөз:
мені де тірі қойма, мені де өлтір!
ХІ көрініс
Сырым сахнаға достарымен бірге шығады. Түрі қашқан.
Сырым: Уа,
достарым! Рахмет сендерге! Сендер менің қиын да, қуанышты кездерімде қасымда болдыңдар! Қуанышыммен бірге
бөлістіңдер! Қарагөзден айырылсам да
бірге болдыңдар! (достары тұрады)
Сахнаға
біреу жүгіріп келіп, Нарша жолығамын деп келіпті. Нарша келеді.
Сырым: Уа,
Нарша бұл не жүріс!
Нарша:
Сырым, сал Сырым! Мен саған сырымды да, сырымды да естісін деп... арнайы өзім
келіп тұрмын.
Сырым: Не
шының бар еді?
Нарша:
(қиналып) Қарагөз, Қарагөзді соңғы рет көргің келсе, менімен бірге жүр. Ауылыма
кел!
Сырым:
Қарагөз, Қарагөз бар ма? Тірі ме? (Наршаны
бас салып ұстайды.
Нарша: Тірі,
тірі , Қарагөз. Бірақ оның тірілігінен не пайда, соның науқасынан сен бір
көрінсең, шипа бола ма деп келіп тұрмын. Өйткені мынау далада екеуміз де тірі
өлік.
ХІІ көрініс
Сахнада жынданған Қарагөз. Ары –бері сөйлейді, аунайды1: 18
Қарагөз:
Әже, тимеші, Сырымға ұйықтайын ба? Ұйықтайын! (біресе күледі, біресе жылайды, жапырақтарды жұлмалайды) Ұшып
келемін. Жерде тоғай, көп тоғай, ұшып келемін.
Сырым
досымен келеді.
Сырым: Қарагөз,
Қарагөз.
Қарагөз:
апам қасына барамын.
Сырым:
(құсаланып) неге ғана тудым. (Нарша қасына келіп)
Нарша:
Бүгінде Қарагөз екеуің қиын сәтте бір-біріңе сүйеу болып едің, өткенді естеріңе
түсіріп көрші.
Сырым:
Қарагөз есінен ауысты, мен тентіреп мал
болам деп ойлап па едім.Жаратқан ием не қылдың?
Сырым:
Қарагөз, Қарагөз (Жақындап) сен мені танисың ба? Қарагөз күле береді.
Сырым : жылайды, қатты құсаланып,
Қарагөз: ән,
ән
Сырым: Ән
салсам мені есіңе аламысың? Менен сен кеткелі ән де, кетіп еді....
(Сырым домбыра шертеді) жылайды.
Аққу , аққу,
аққу қазын әуелейді –ау қалықтаған.
Қайтейіін
қанатым жоқ, қалып барам,
Жүрегім құс
боп ұшып кетті –ау,
Шыраым
жалғыз қалай алып қалам...
Дариға-ай
дәурен, Сырым жылап тұрып айтады...
ән айтылады. (музыка ойналады)
1:27-1:28
Қарагөз:
құлағын басады, жынданады. Осылай болатынын білдім. Ары- бері жүгіреді, жерге
жатып домалайды. Сырым ән айтып отырады.
Қарагөз :
(есін жияды) Сырым енді менде арман жоқ! Жалғыз тілегім сен аман бол! Мен сені
күттім! Қош сүйіктім! Қош! Сырымды құшақтайды. Сол жерде өледі.
Сырым: Өлме,
Қарагөз, егер өлсең, соңғы дүнием сен боласың! (Қарагөздің бетін жауып)
Сырым: Қош ,
Қарагөзім! Нарша да келіп отырады. Қарагөздің бетін жабады.