Орыс сыныптарында қазақ тілінен ашық сабақ
Сынып: 5
Пән: қазақ тілі
Тақырыбы: Ұлттық ойындар
Мақсаты:
Білімділік: өткен тақырыптарды еске түсере отырып, оқушылардың білім деңгейлерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бекіту.
Дамытушылық: әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы қазақша сөйлеу тілдерін дамыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: ұлттық ойындарын таныту, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, туған еліне, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу.
Көрнекілігі:
қима - қағаздар, кітапшалар, суреттер
Техникалық
құрал:интерактивті тақта
Типі: дәстүрсіз сабақ
Түрі: қайталау
Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру, сөйлем құрастыру,
мазмұндау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.
Сынып дайындылығына көз жүгірту.
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше түрде өтеді. Біз сіздермен қазақ ауылына қонаққа келдік. Ауылдың адамдары тойға жиналып жатыр екен, бірақ ауылды Айдаһар жаулап алды. Егер біз сіздермен мынау сиқырлы дорбаны толтырсақ сонда ғана айдаһар ауылдың адамдарын босатады.
Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге диалогті жаттау берілді.
3 бала тақтада (сиыр, жылқы, түйе сөздерді септеу) .
6 бала диалогті айтады. Басқалары карточкамен жұмыс істейді. (тапсырманы орындап болған соң дорбаға сақина саламыз)
Негізгі кезеңі:
1 - тапсырма. Интерактивті
тақта арқылы қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталау (тапсырманы орындап болған соң дорбаға мата саламыз).
2 - тапсырма. Әріптерден сөз жинау.
- Балалар, кімге қандай сөз шықса, сол топ ұлттық ойын туралы айтып шығу керек (жасырылып тұрған сөздер «Көкпар», «Алтыбақан», «Қыз қуу» ойындары).
- Ал, енді бізде сіздермен «Қыз қуу» ойынды ойнаймыз
1 жұп. Қызды жетіп алу үшін синоним сөздерді табу керек. Әдемі, оқушы, мұғалім, зат, халық, алғашқы.
2 жұп. Қызды жетіп алу үшін антоним сөздерді табу керек.
Үлкен, ақ, жақсы, қыз, ащы, ыстық, қысқа, күн.
3 жұп. Қызды жетіп алу үшін омоним сөздерді табу керек. Ат, күн, ою, түс, жаз, қара. (тапсырманы орындап болған соң дорбаға білезік саламыз).
3 - тапсырма. Сөйлемдерді жалғастыру.
1. … - ұлттық ойын.
2. «Алтыбақан» ойынында қыз бен жігіт өлең … .
3. «Көкпар» ойынында жігіттер ... .
4. Қазақ халқының ұлттықойындары ... , ... , ... .
5. «Ханталапай» ойынға ...қатысады.
6. «Тоғызқұмалақ» ойынды шопандар ... ... . (тапсырманы орындап болған соң дорбаға орамал саламыз).
4 - тапсырма. Сөздерді жіктеу.
1 топ - ойнау
2 топ - жасыру
3 топ - бастау
5 - тапсырма. Сөздік диктант жазу.
Ұлттық, ойын, ешкі, сиыр, төрт түлік, бұзау, құлын, қазақ, түйе, сүйген, айдаһар, дорба, білезік.
(тапсырманы орындап болған соң дорбаға моншақ саламыз).
Сабақты бекіту:
- Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата?
- Төрт түлік малды атап шық?
- «Алтыбақан» ойынында қыз бен жігіт не істейді?
- «Көкпар» ойынында жігіттер не істейді ?
- «Қыз қуу» ойынында жігіт қызды жетіп алмаса, қыз не істейді?
- Ұлттық ойындар көбінесе қай мейрамында ойнатылады?
- Балалар, жарайсыңдар ауыл адамдарын құтқардық.
Барлық тапсырмаларды орындап, дорба жинап, ауыл адамдарын енді тойға жіберетін болдық.
Үйге тапсырма: Ұлттық
ойындар туралы қосымша жазып келу.