Текст
Наурыз айының 1-жұлдызында Софиевка ауылы № 21 орта мектебінде гуманитарлық пәндер бірлестігі онкүндігінің басталуына орай салтанатты жиын өткізілді. Онкүндіктің ашылу салтанатында мектеп оқушылары үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп, нақышына келтіре өлең оқып, ән шырқады. Онкүндік барысында гуманитарлық пәндер бағыты бойынша ашық сабақтар мен түрлі іс – шаралар өткізіледі.