Дана халқымыз «Әйелдің азғаны – ұлттың тозғаны» деп бекер айтпаған. Себебі, ұрпақ жалғастығы аналарға байланысты, ал ана деген мәпелеп өсірген қыздарымыз. Осы тұста заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпағаны белгілі. Өйткені, қыз бала бесікте не көрсе, соған бейім болары хақ. Сондықтан, қырмызы гүлдей құлпырған қыздарымыздың қылықты, ұқыпты, ұлағатты болып бойжетулері үшін ата-аналар да, тиісті мекемелер де бар күш-жігерлерін салуда. Осы орайда Софиевка № 21 орта мектебінде ақпанның 27-ші жұлдызында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына мектеп медбикесі, психолог – педогог, әлеуметтік педогог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өз тараптарынан арнайы ақыл – кеңестер айтып, көтеріліп отырған мәселенің алдын алу амалдарын жасады. Шараның басты мақсаты қазақ менталитіне жат қылық «Ерте жастағы жүктіліктің» алдын алу, оның зардаптары мен адам денсаулығына тигізер орасан зор қауіпін түсіндіру және жасөспірім қыздарды тиісті тәрбиемен сусындату болды.