"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.03.2018

Мемлекеттік қызмет көрсетуді халық болып барлығымыз білуге тиістіміз.

Мемлекеттік қызметтердің белгілі бір түрлерін ауылымызға келетін жаңа тұрғындар үшін және жергілікті халықтарға құжаттар бойынша қалай қызмет көрсету, оларға кімдер жауапты екенін білу мақсатында баспа бетіне осы құжатты ұсынып отырмыз. Жалпы мемлекеттік қызметтердің белгілі бір түрлерін беруге жауаптыларды біздің Софиевка №21 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылы барысында мектеп төрағасының бұйрығы бойынша бекітіліп тағайындалды. Себебі мемлекеттік қызмет көрсету уақыт талабына сай қызмет көрсетуге оқушыларға, мұғалімдерге, мамандарға сапалы жағдай жасау керек. Сондықтан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің заңдарына сәйкес тармақтарын мектебіміздің оқу жөніндегі орынбасарларына бөліп берілген. Нақтылап дәлелді түрде жазатын болсақ:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №179 бұйрығының қосымшасына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің жалпы білім беретін бағдарламасы бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға

қабылдау» және сонымен қатар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының  педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» сияқты мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын мектебіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурпеисова Г.А. –ға тапсырылды.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің жалпы білім беретін бағдарламасы бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – қолхат алу үшін бес жұмыс күні;

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін: оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей; бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) өтініш;

2) туу туралы куәлік;

3) Дәрігерлік консультативтік қорытынды (№086/е нысан);

4) 2 данада 3х4 см фотосурет;

5) ПМПК (педагогикалық-медициналық-психологиялық- комиссияның қорытындысы (болған жағдайда))

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының  педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі  - 20 минут.

1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) білімі туралы диплом көшірмесі;

4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;

5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі.

Бұл құжаттар бойынша 2016-2017 оқу жылында мектебімізге 1 сыныпқа қабылданған оқушылар саны 58, негізгі орта мектеп бітіріп 10 сыныпқа қабылданғандар 26 оқушы болды. Осы оқушыларға мектепке қабылдау және қайта қабылдау туралы мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мектебіміздің 9 мұғаліміне ІІ санатқа өткізуге, өтінішін қабылдап

қызмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығының 4 қосымшасына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде оқыту және тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» және Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №179 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын 2016 жылғы қыркүйектің 26 күнгі №79 бұйрығы бойынша мектебіміздің директордың оқу ісінің орынбасары Аубакирова Т.Р.- ға жүктелінді.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде оқыту және тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» бойынша қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) өтініш;

2) үйде қыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

3) мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» бойынша

көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) өтініш;

2) туу туралы куәліктің немесе жеке басын куәландыратын құжат;

Осы қызметтер негізінде 2016-2017 оқу жылында денсаулығына сәйкес 5 оқушы үйден оқытуға шешім қабылданды.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат мектебіміздің 1-ші қабатында орналастырылған.

Мектептің сыртқы есігіне мүгедек балаларға арналған «Шақыру тетігін» орналастырып, оған кезекші мұғалімдерге жауапкершілік қызмет көрсету стандартына сәйкес жұмыс ұйымдастырдық.

Осы атқарылған, ұйымдастырылған жұмыстар, орындауға тиісті құжаттар барлығыда мемлекеттік қызмет көрсету аясында болып жатыр. Бұл біздің үнемі жадымызда болып, назардан тыс қалмақ емес. Целиноград ауданы

Софиевка ауылы №21 орта мектебі.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Турав Ш.

Телефон: 8-716-51-36-227   

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст