"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2018

Мектебімізде «Түлектер тақтасы» жұмыс жасауда

 

Ақмола облысы Целиноград ауданы №21 Софиевка орта мектебінде  «Түлектер тақтасы» жобасы аясында бірқатар жұмыстар қолға алынуда Бүгінгі өмір сүріп жатқан ортамызда, қоғамымызда заман талабына сай дұрыс мамандық таңдай білу өте өзекті мәселе болып тұр. Жалпы мектеп бітіруші түлектер үшін, яғни  жоғарғы сыныптар арасында дұрыс мамандық таңдау қашанда қиындық тудырары хақ. Бүгінгі заманауи, сондай-ақ сирек кездесетін мамандықтар туралы мектеп қабырғасында да, жалпы ақпарат құралдарында да өте аз хабардар етіледі және ол туралы оқушыларға түсінікті етіп жазылмайды Еліміздің ертеңін, болашағын көркейтетін мемлекетіміздің əрі қарайғы өркендеуіне үлесін қосатын мықты мамандық иесі болу үшін, өз мамандығына лайықты тұлға болып қалыптасуы үшін оқушылар мектеп қабырғасынан бастап керекті мамандықтарды дұрыс таңдай білу қажет. Оларға осы тұста нақты əрі дұрыс көмек беру білім беру мекемелерінің назарында болуы қажет. Бүгінгі таңдағы дұрыс таңдаған мамандық келешекте жеке адамдардың өмір тағдырына, отбасы өміріне тікелей қатысы болуы мүмкін. Оқып бітірген мамандықтары өмірде табылмаса, уақытты босқа өткізгенмен бірдей. Оның алдын алу үшін оқушыларымызға дүрыс мамандық таңдауға

көмектескеніміз абзал.

а) Мамандықтарға байланысты мектепте үгіт насихат жүмысының  жүрілуі.

ə) Мамандық туралы мектеп оқушыларының  өз таңдауын жасауға көмек көрсету.

Мамандықты дұрыс таңдауына көмек көрсету мақсатында Астана қаласындағы бірнеше колледж бен жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен кездесулер өткізілді. Осы үгіт насихаттың барлығы үнемі үздіксіз жүргізілуі үшін және өз жұмысымыз өз нəтижесін беруі үшін  «Түлектер тақтасы» жобасын қолдану тиімді. Осы орайда мектептің 1-қабатында "түлектер тақтасы" стендіне тапсырыс беріліп, мектеп сайтында  «Түлектер" деген бөлім ашылып, арнайы

іс-шаралар жүргізілуде. 

 

Турав Шәріп

 

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст