Көктемгі әрекет, күзгі берекет! Жер жаңарғанда салған бір түйір дән орақ науқанында мың есе болып қайтады. Алайда, ол үшін еңселі еңбек пен темірдей төзім қажет. Сондай-ақ, тығырықтан жол табар тапқырлықты да талап етеді. Осындай қасиеттерді бойына сіңіріп, ерінбей еңбек еткен шаруалардың арқасында сары күз береке мен мерекенінің мезгіліне айналған.Биыл да қамбалар мен қоймалар ырысқа толып, халықтың қысқа дайындығы сақадай сай!
Күздің берекесін келтірген еңбекқор шаруаларға алғыс ретінде әрі жас ұрпақты еңбекке, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында №21 Софиевка орта мектебінде "Алтын күз" лайфхак байқауы өткен болатын. Сайыс талабы бойынша кіші және орта буын оқушылары үй жағдайында күздің элементі бар туындыларды жасады және жасау үдерісін бейнеге түсіріп, мектептің электронды мекенжайына жіберген болатын. Межеленген мерзімде әділқазы мүшелері барлық лайфхакты үлкен экраннан тамашалап, ішінен ілгері шыққан іздемпаздарды іріктеп алды. Байқаудың төрелігіне мектеп директоры Жексенби Жүрқадам, оқу ісі бойынша орынбасар Аида Сейдахметова, аға тәлімгер Нұргүл Рахатай қатысты. Қазылардың пікірі сәйкес келіп, жеңімпаздарды жариялады.
Бастауыш қазақ сыныптары:
1 орын - Алтынбек Мұратбек 3 "а"
2 орын - Мұханбет Дінмұханбет 2 "а"
3 орын - Азамат Тыяқ 3 "а" және Ерқанат Амангелді 3 "а"
Бастауыш орыс сыныптары:
1 орын - Илья Доценко 3 "б"
2 орын - Ажар Богдаутова 1 "б"
3 орын - Милана Шишкина 3 "б" және София Козина 3 "б"
Орта буын бойынша жалпы сынып:
1 орын - Ангелина Нагорняк, Милана Гайдар 5 "б",
2 орын - Әйгерім Сайран 6 "а"
3 орын - Іңкәр Кузман 6 "а"