"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбек - бәрін жеңбек! "Асар" акциясы жоғары сынып оқушыларымен

05.11.2020

    Дүниені дүрліктірген дүлей дерттің кесірінен оқушылардың дені қашықтықтан оқуға мәжбүр.  "Онлайн мектеп" пен түрлі платформа арқылы  сабақтарды орындау үшін күн ұзаққа гаджетке  тәуелді болды.Карантиндік  жағдайға байланысты, көшеге шығып, серуендеп келу де сиреген. Тоқ етерін айтқанда, балалардың дене қозғалысы азайды. 
     Сабыр түбі - сары алтын! Әйтеуір, білімпаздар 1 тоқсанды түйіндеп, 10 күндік демалысқа ие болды. 
     Еңбек – бәрін жеңбек! 5 қараша күні, яғни, каникулдың алғашқы күнінде жоғары сынып оқушылары арасында "Асар" акциясы өтті. Екі айдан астам уақыт мектеп табалдырығын көрмей,  қашықтан білім алып, телефонға телмірген жастар бұл шараға қуана қатысты. Талап бойынша үй жағдайында үлкендерге көмектесіп, видео арқылы істеп жатқан жұмыстарымен бөлісу керек болған. 
     –  Оқу маусымы кезінде уақытымыздың көбін білімге арнаймыз! Оның үстіне карантин кезінде мектепке баруды да қойдық. Дене қозғалысы тым азайды. Далаға шығып, спортпен шұғылдану да  қиын болып кетті ғой. Шын айтсам, қол жұмысын қатты сағындым. Сондықтан акцияға қуана қатыстым. Бүгін үйдегі үлкендердің орнына  қорадағы үй жануарларға  күтім жасадым. Енді әкем мен анам 10 күн бойы қораның жұмысын істемесе де болады, – дейді жүзіне қуаныш ұялаған  Софиевка мектебінің  9"б" сынып  оқушысы Әділ Ринатұлы.   
    – Әжем нағыз шебердің өзі! Түрлі төсек жабдықтарын жасайды. "Ертең болашағыңа керек болады" – деп мені үнемі баулып жүреді. Алайда, оқу басталған сәтте әжемнің  үйірмесінен қол үзіп қалдым. Енді, міне, тоқсан аяқталып, каникулға қол жеткіздік. Демалысымның алғашқы күнінде-ақ, әжемнің қасынан табылдым. Қазіргі мықты дизайнерлер осындай көнекөз қариялардың мектебінен шықты деп ойлаймын. Өзім де, бұл мамандыққа қызығамын, – дейді 11"а" сынып оқушысы Меруерт Болатхан. 

Видеоға сілтмема төменде

 

 

 

Просмотров: 618


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст