Текст
Мектеп сайтының бүгінгі санынан бастауыш сынып оқушыларының "Қазақстан–менің Отаным!" атты онлайн көрмесін тамашалай аласыздар! Балалар өздерінің қиялына ерік берді. "Қазақстан", "Ел", "Отан" секілді атауларды естігенде ойға оралатын басты символдарды қағаз бетіне түсірді. Көрмедегі суреттерде көбінесе көкте желбіреген көк ту, кең жайлаудағы киелі киіз үй, қалықтаған қыран құс, бәйтерек бейнеленген. Ал бірінші сынып оқушысы Айзере Мұхтар өз туындысын былай түсіндіріп берді:
– Мен Қазақстанның басты белгілерін бейнеледім. Киіз үй –бірліктің, бәйтерек – мәңгілік елдің, қыран – еркіндіктің, барыс – ақыл мен айланың, тұлпар – достықтың белгісі.