Күзгі демалыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша сынып жетекшілері оқушылармен тәрбие сағатын ұйымдастырды. Карантиндік жағдайға байланысты жиналыс онлайн форматында өтті.
Софиевка ауылының іргесінен Қоянды өзені ағып жатыр. Күзгі уақыттта бетіне жұқа мұз қатады. Мұғалімдер балаларға осы мезгілде өзен-көлдегі мұз үстінен жүруге болмайтын еске салды. Сондай-ақ, көшеде барынша сақ әрі ереже сақтап жүру керектігін айтты. Өйткені күз мезгіліндегі құбылмалы ауа райының кесірінен жолда жүру жүргізушіге де, жүргіншіге де қолайсыздық тудырады. Қаперден шығаруға болмайтын басты ережелермен қоса, ұстаздар үй және дала жағдайында түрлі жұмыстарды істеу кезінде және түрлі құралдарды пайдалану кезінде барынша абай болуға шақырды.
Сақтық шарасын мұғалімдер ата-аналарға да жеткізді. Сондай-ақ, қазіргі таралып жатқан індет жайлы да кеңінен ақпарат берілді.