10 күндік демалыстан кейін бастауыш сынып оқушылары мектепке келіп, оқуға кірісті. Оларға каникул уақытын қалай өткізгендігін жеткізу мақсатында фотокөрме ұйымдастрылды. Көрмеден қызықты сәттері бейнеленген түрлі суреттерді көруге болады. Мәселен, әнші болуды армандайтын 3 сынып оқушысы Бекарыс Серікұлы студияға барып ән жаздырыпты. Хамза мен Халида қарашада жауған қардың қызығына батып, асыр салып ойнаған. Жансұлу сурет салумен шұғылданыпты.
2 сынып оқушылары Аружан Дүйсенбаева мен Софья Коновалова тәттілер пісіріпті. Дамир Такиров танымдық орталықта тропикалық жануарларды тамашалаған.
Осы және өзге де оқушылар күзгі демалыстарын қалай өткізгендігін төмендегі слайдтан тамашалай аласыздар.