"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Софиевка отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отандық жалғыз гиперрриалистпен кездесу

02.12.2020

       Ұлы Абайдың 175 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай Айдос Есмағамбетовпен кездесу өтті. Zoom платформасы арқылы өткен іс-шарада Айдос Әкімғалиұлы оқушыларға төл туындыларын таныстырды. Отандық жалғыз гиперриалист Абай мен Елбасының бейнелерін бастан- аяқ айнытпай жасап шығарған. Ерекше істі жанына серік еткен азаматтың өнеріне балалар таң-тамаша болды. Автор бір туындыны жасап шығару үшін бірнеше ай  жұмсайды екен. Мәселен жуырда жасап бітірген Абайдың бейнесіне 6 ай уақытын арнаған. Шебер бір тал сақалына дейін ұқсатып жасауға тырысқан. Ал еліміздің тұңғыш президенті Елбасының үш мүсінін істеп шыққан. Бұл мүсіндерді қалай дайындағанын және өзге қызықты деректерді автор балаларға баяндап берді. Әңгіме арасында  жасанды тұлғаларды да көрсетіп үлгерді. Сондай-ақ, осы мүмкіндікті пайдаланып, оқушылар дарабоз азаматқа сұрақтарын жолдады. Әңгіме, соңында спикер: "Әрбір адам  қалаған ісімен айналысу керек және дұрыс ойлау үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор, "— деп білімпаздарға  өз ақылын айтты. Ал тыңдармандар мүсіншіге алғыс жаудырды.

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст