"Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясының аясында 2-4 сынып оқушылары арасында "Анаға тілек" шығарма жазу байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – баланың анасымен қарым-қатынасын арттыру. Байқауды мектебіміздің әлеуметтік педагогы Бахытгүл Зархум ұйымдастырды. Берілген мерзімде оқушылардың жазған жұмыстары жинақталып, тіл мамандарынан құралған әділқазы мүшелеріне тапсырылды. Оқу ошағының тәжірибелі ұстаздары Айгүл Төнкер, Зәуреш Амангельдинова, Гүлзия Байдильдинова, Тілеугүл Рахадал барлық шығармаларды тексеріп шығып, байқаудың жеңімпазын анықтады. Нәтижесінде, 3"Ә" сыныбының оқушысы Айдидар Азаматқызы мен 3"Б" сыныбының оқушысы Айсана Мурзажигитованың шығармалары үздік деп танылды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ,олардың жазған шығармаларына арналып видеоролик дайындалды.